Ең басты мәселе - ел қауіпсіздігі

Қысқаша

Созақ ауданы «Қазпочта» акционерлік қоғамының филиалында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Теріс діни бағыттағы топтардың алдын алу" деп аталған тақырыпта мекеме қызметкерлерімен жалпы кездесу өтті. Онд

816.jpgСозақ ауданы «Қазпочта» акционерлік қоғамының филиалында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Теріс діни бағыттағы топтардың алдын алу" деп аталған тақырыпта мекеме қызметкерлерімен жалпы кездесу өтті. Онда теріс ағымдардың интернет арқылы жастарды өздерінің жағына тартып, санасын улап жатқаны, соған тиімді қарсылық қою жолдары әңгіме болды.

Біздің елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір жағдайға бірінші кезекте тойтарыс беруі керек. Ол сырттан келеді ме, әлде іштен шығады ма – бар жағдай бақылауда болуы тиіс. Соңғы кездері теріс ағымға үгіттейтін, соған тартатын топты осындай қауіпке жатқызу керек. Оның алдын алудың ең тиімді жолы - ол тұрғындардың санасын көтеріп, арасында түсінік жұмыстарын жүргізу. Бүгінгі кездесу сол әдістің бір парасы. Кездесу кезінде теріс ағымдардың жетегіне ілесіп кетпеу үшін алған ақпаратты білікті мамандармен ақылдаса пайдалану керектігі айтылды.

Жиналыс соңынан мекеме қызметкерлеріне "Дін жəне дəстүр тағылымы" жəне "Дін жəне қазіргі заман" атты кітапшалар таратылды.