Қоғаммен кері байланыс өз нәтижесін берді

Қысқаша

Қоғамды жегідей жейтін сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау үшін елде атқарылып жатқан жұмыс көп. Мемлекеттік деңгейде қабылданған заңдардан өзге түрлі бағдарламалар бар. Солардың бірі, жемқорлықты азайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас ж

213.jpgҚоғамды жегідей жейтін сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау үшін елде атқарылып жатқан жұмыс көп. Мемлекеттік деңгейде қабылданған заңдардан өзге түрлі бағдарламалар бар. Солардың бірі, жемқорлықты азайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қоғамдық бақылау картасы» өз нәтижесін бере бастады.

Аталған қоғамдық бақылау картасы аясында Шымкент қаласы тұрғынынан қалалық М.Х.Дулати көшесінде жол апаты жиі болатындығын айтып, жол белгілерін өзгертуге ұсыныс берді. Аталған мәселені шешу мақсатында өтініш иесімен кездесу өткізіп, Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бірлесе М.Дулати және Ғ.Орманов көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтпесінің аумағына мониторинг жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаяу жүргіншілер өтпесінің аумағына «Жол беріңіз», «Ең жоғары жылдамдықты шектеу», «Оңға жүру», «Қолданылу аймағы» жол белгілері орнатылды.

«Қоғамдық бақылау картасы» аясында аумақтық Департамент әлеуметтік желілерде арнайы парақшаларын ашқан. Жұртшылық сонда жазған өтінішінің орындалғанына қарап, билікке деген сенімі арта бастады.