Ми-8 апаты: Назарбаев Путинге көңіл айтты

Қысқаша

Краснояр аймағындағы Ванкорск ауданында Ми-8 тікұшағы құлап, 18 адам қайтыс болды.

Screenshot_1.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Краснояр өлкесінде Ми-8 жолаушылар тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін Ресей Федерациясы

Краснояр аймағындағы Ванкорск ауданында Ми-8 тікұшағы құлап, 18 адам қайтыс болды.