Түркістанда шығыстық үлгідегі автобекет ашылды

Қысқаша

Түркістанда шығыстық үлгідегі автобекет ашылды

6138e6ab5cd7b71839110e17b9c69baf.jpg

Өткен жылдан бері Түркістанда жан-жақты жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Барлық салада ілгерілеу бар. Әсірес, туризмді дамытуға маңызды рөл ойнайтын нысандар көптеп салынып жатыр. Жақында киелі шаһарда халықаралық автобекет ашылды. Оның ашылу салтанатына Үкімет басшысы Асқар Мамин арнайы қатысты. Премьер-министр халықаралық автобекеттің  ашылуымен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Үкімет басшысы бұл бекет туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін айтты. Су жаңа автобекет туристердің барлық талап-тілектерін орындауға қауқарлы. 

Аталған Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.  Шығыс үлгісінде салынған нысанның жалпы аумағы  2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған.

Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Жергілікті тұрғындардан бөлек, Түркістанға шетелден келген қонақтар киелі шаһардан басқа да қалаларды көргісі келетіні анық. Енді олар басқа қала, облыстарға саяхат жасау үшін көрші Шымкент қаласына шабылмай, Түркістандағы заманауи автобекетте бүкіл шаруаларын тындыра алады. 

Бұл автобекеттен еліміздің   Алматы, Нұр-Сұлтан   секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзгеде аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.