Қалалықтар жұмыссыз қалмайды

Қысқаша

Қалалықтар жұмыссыз қалмайды

db0643b9d01a05677114907b3c3993b4.jpg

Түркістан қаласында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қаншама ірі кәсіпорындар ашылды. Олардың барлығы да бүгінде табысты жұмыс істеуде. Индустрияландыру аясында алдағы уақытта ашылатын ілкімді жобалардың қатары арта түспек. Солардың бірқатары бүгінде жүзеге асырылғалы отыр.  

Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханованың айтуынша, Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы негізінде  «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 11 миллиард 333  миллион теңгені құрайтын 16 жоба кіріп, осы кәсіпорындарда 1002  жұмыс орнын ашу көзделген. Жыл соңына дейін «Айбек ЛТД» ЖШС Түркістандағы индустриалды аймақта ашылатын болады. Тақта жабыны, іргетас блоктары мен тауарлық бетон өндірісін өрлетпек. Жобаның жалпы құны 216 миллион теңгені құрайды. Бұлардың барлығы да сұранысы жоғары тауар өндіретін болады.Сондай-ақ алдағы уақытта  ЖК «Grand Miks» өнеркәсіптері ашылмақ. Нәтижесінде қалалықтарға 133 жаңа жұмыс орны  ашылады. Мәселен, полиэтилен құбырларын шығаратын «Баянды құрылыс» ЖШС-де 45 жұмыс орны ашылса, көпір балкаларын шығаратын «Ақжол» ЖШС-де 120 маман еңбек етеді. Жобалық құны 100 млн.теңге болған балмұздақ шығаратын «Мұзды тау» ЖШС-де 50 адам жұмыспен қамтылған.