Қала құрылысына ат салысуда

Қысқаша

Қала құрылысына ат салысуда

c3d419990c779c6b4e8060c24d166cd1.jpg

Әлем елдерінің ежелгі архитектурасында өзіндік ерекше орны бар Рим қаласын бір күнде соғылмады дейді. Римді соғуда жүз мыңдаған жұмыс күші пайдаланылды. Зәулім, сәні мен салтанаты келіскен ғимараттар салу үшін қаншама құрылыс материалдары пайдаланылды! Бәрінен бұрын құрылыс материалдарының сапасын айта кету керек. Сапалы болғанының арқасында мыңдаған жылдар бұрын салынған ғимараттар әлі де болса қалқайып тұр. Дүниенің түкпір-түкпірінен туристер сол ескі ғимараттарды көру үшін Римге ағылады.

Бүгінде Түркістан қаласы ежелгі шығыстық үлгіде салынып жатыр. Мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп, мыңдаған адамдар жұмысқа тартылды.  Римдегі секілді, Түркістанға да «құламайтын» ғимараттар салу үшін сапалы құрылыс материалдары керек. Киелі өңірде бұл үдеден 8 құрылыс материалдарын өндіретін мекеме шығып жатыр. Қаладағы өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 14  пайызы осы өндіріс орындарына тиесілі. «Түркістанда жасалған» жергілікті өнімді қолдануды жолға қойған компаниялар сапа мен баға үйлесіміне мән беріп отыр.

Бүгінде кірпіш өндіруші «Түркістан трасса» ЖШС-нің өнімдеріне сұраныс жоғары. Шағын зауытта жылына 10 млн дана кірпіш шығарылады. «Отырар» мөлтек ауданында бой түзеген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бірнеше мердігер мекемелер дәл осы кірпіштерді қолдануда.

Қысқаша айтар болсақ, бәрі де Түркістанның әсем қала болып бой көтеруіне өз үлестерін аянбай-ақ қосып отыр. Келер жылдары жергілікті кәсіпкерлер ұсынған материалдардан жасалған ғимараттар қала тұрғындары мен туристерді қабылдап, қызмет көрсететін күн алыс емес.