Баға тұрақтылығы басты назарда

Қысқаша

Баға тұрақтылығы басты назарда

Түркістан қаласында ҚР Үкіметімен бекітілген әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының белгіленген шекті бағадан, яғни 15%-дан жоғары өсімі байқалуда. Бұл жайында "Бизнесті қолдау және туризм бөлімі" басшысы Гүлжамал Даханова тікелей эфир кезінде мәлім етті.

image.png

Қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, құмшекер, тауық еті басым бөлігі импортталатын тауар түрлеріне жатады.

Сондықтан, өзге елдердегі баға өсімі, кедендік рәсімдеулер мен логистика және жанар-жағармай бағасының 5-6% көтерілгені тізбектеліп өз әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат өнімдерінің ретімен маусымдылығына байланысты ескі өнімі мен жаңа өнімнің арасындағы тапшылығы бағаға әсер етуде. Қазіргі таңда, өнімнің қабаттың бағаларын төмендету жұмыстары басталған. Ал, сәбіз Өзбекстан Республикасынан тасымалданып жатыр. Жақын арада Сарыағаш ауданында жаңа сәбіз жинақталып, баға төмендейді деп жоспарланып отыр. Өңіріміздегі өнімдер бағасының жоғары болуы Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтарында аталған өнімдердің кеш пісіуі нәтижесінен себеп болуда.

Қазіргі таңда, "Бизнесті қолдау және туризм бөлімі" тарапынан баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда қызметін атқарушы кәсіпкерлік субьектілерге белгіленген үстеме бағадан артық қоймау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бақылау шаралары атқарылуда.