Туған жерге туын тіккен түлектер

Қысқаша

Туған жерге туын тіккен түлектер

Киелі құт мекенде игі істер қатары жалғасын табуда. Бұл жолғы игі шараға Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округіне қарасты С.Сейфулин мектебінің 20 жыл бұрын бітірген түлектері мұрындық болып отыр. 

Screenshot_2.jpg

2001 жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер өз ауылдарына  биіктігі 6 метр, ені 7 метр ауыл атауы жазылған стелле тарту етіп отыр. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында, елді мекен кіре-берісінде орналасқан стелланың аумағы 84 шаршы метр құрайды. Аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылған. Құрылыс жұмыстарына 3 млн 500 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Шараға ауыл әкімі Е.Аманов, сол ауылдан сайланған аудандық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының аудандық филиалының төрағасы О.Көлбаев және ауыл ақсақалдарымен зиялы қауым өкілдері қатысып, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай игі іске мұрындық болған түлктерге алғыстарын білдіріп, баталарын берді.  

Алдағы уақытта аталған түлектер бұнымен тоқтап қалмай, өздері соққан стелла маңына саябақ салып беруді жоспарлап отыр. Бүгінде 1 гектарға жуық жерді заңдастыруда. Ауыл әкімдігі түлектердің әр-бір бастамасына қолдау көрсетіп, заң аясында көмегін беруде.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі