Ордабасы ауданында төрт түлік жарты миллионнан асты

Қысқаша

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйке

image.png

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, мал шаруашылығы саласын дамыту жоспары жүйелі түрде орындалып келеді. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, 190,7 пайызға орындалды. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны 97 бас.

image.png

Нәтижесінде ауданда жалпы төрт түліктің саны 520 мыңға жуықтаған. Оның 73,3 мыңы ірі қара, 420,4 мыңы қой мен ешкі, 25,4 мыңы жылқы, 740-ы түйе. Ал, құстардың жалпы саны 423,9 мыңға жеткен. Сәйкесінше кәсіпкерлер мал шаруашылығы өнімдерін молынан алып, нарыққа шығаруда. Бүгінге дейін ауданда 13 311,8 тонна ет, 33 004,9 тонна сүт, 7 263,8 мың дана жұмыртқа өндірілген.

image.png

Айта кетейік, Ордабасы ауданында мал тұқымын асылдандырумен айналысатын 6 шаруа қожалық бар. Ал, жалпы мал бордақылау алаңдарының саны 355 бірлік, оның 76-сы биыл іске қосылған. Сондай-ақ, 84 сүт фермасы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы үш отбасылық құс фермасын ашу жоспарланса, бүгінде төртеуі іске қосылып, жоспар 133 пайызға орындалды.

6-3.jpg