Түркістан облысында «Бизнеске арналған үкімет» әкімшілік кедергілерді жояды

Қысқаша

Мемлекет басшысының тапсырмасна сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен і

333.png

Мемлекет басшысының тапсырмасна сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен іске қосылған «Бизнеске арналған үкімет» сервисінде кәсіпкерлікпен айналысу кезінде әкімшілік кедергілерді барынша қысқарту немесе түбегейлі жою мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер секторына ерекше назар аударылатын болады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бірыңғай сервисті пайдалану арқылы кәсіпкерлер жер қатынастары, қаланың сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасы ұсынған мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Сондай-ақ, кәсіп иелеріне рұқсат беру құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қызмет көрсетіп, кеңес беретін болады. Кәсіпкер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына құжаттарды ресімдеуге өтінім берген кезде жеке кәсіпкерлікті, заңды тұлғаны тіркеуден бастап кәсіпорынды іске қосуға дейінгі рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтер кешенін алады. Бұл жұмыстар әкімшілік кедергілерді айтарлықтай төмендетеді және кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуге оң ықпалын тигізетін болады.