Ордабасыда мұнай өнімдері өндіріледі

Қысқаша

Ордабасы ауданында өндіріс өркендеп, шағын бизнеспен айналысушылар қатары көбейе түсп

image.png

Ордабасы ауданында өндіріс өркендеп, шағын бизнеспен айналысушылар қатары көбейе түспек. Бүгінгі таңда бұл бағытта көптеген жобалар жүзеге асып жатыр.

Түркістан облысында Евро – 5 стандартына сай отандық өнім – АИ-92 маркалы бензині, дизель жанармайы, бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады. Бірегей жобаның ерекшелігі сол, бұл өнімдер көмірден өндіріледі. Әлемде теңдесі жоқ жобамен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы танысып қайтты. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы.

1,5 млрд. теңге инвестиция құйылған жоба аясында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым желісі жүргізіліп, 3 шақырым теміржол тартылған. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары аяқталып келеді.

Өмірзақ Естайұлы экспериментальды жобаны кеңінен жүзеге асыруды қолға алу керектігін айтты. Ол үшін мамандар теңдесі жоқ технологияның қыр-сырын жаппай үйренуі тиіс. Серіктестік өнімі тек ел нарығына ғана емес, ТМД елдеріне де экспортталмақ. Негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік «ЭТН Циклон» компаниясы.