Келесте 2 кәсіпорын іске қосылады

Қысқаша

Түркістан облысы Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдар

image.png

Түркістан облысы Келес ауданында «Индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы және және кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында екі кәсіпорын құрылып жатыр. Атап айтсақ, оның алғашқысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағынан құрылатын ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» – жалпы құны 227,4 млн.теңгені құрайтын темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыт. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалануға рұқсат құжаттарын алған кәсіпорынның мемлекеттік актісі ауданның арнайы жер қорында тұрған 2 гектар жер учаскесіне тіркелуде.  

Ал, екіншісі Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағында іске қосылатын «AIBI-I (АИБИ-АИ)» ЖШС – жалпы құны 251 млн.теңгені құрайтын күйген қыш шығаратын зауыт. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, жобаны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде және жер қойнауын игеруге арналған рұқсат берілген.

Жалпы, аталған ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім көлемі 1 875,0 млн. теңге болса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 1300,0 млн.теңге немесе 102,0%-ын құрайды.

Айта кетейік, Түркістан облысының 3,4 мың шаршы шақырым жерін алып отырған Келес ауданындағы халық саны – 142 557-ге жеткен. Оның 91,6% немесе 130 582-сі қазақ болса, қалған бөлігін орыс, өзбек, тәжік секілді өзге ұлт өкілдері құрайды.