Мас халде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Қысқаша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың талабымен мас хәлде көлік жүргізушіге қолданы

068.jpgМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың талабымен мас хәлде көлік жүргізушіге қолданылар жазаның қатаңдатылғаны белгілі. Бұл бағытта Түркістан облысының полицейлері өңір басшысының тапсырмасымен құқықбұзушылықты қатаң бақылауды күшейтті.
Төлеби аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғынға қатысты баяндама келіп түскен. Аталған баяндамадағы азамат бұған дейін де мас халде көлік құралын басқарғаны үшін автокөлік басқару құқығынан айрылғандығына қарамастан адамдарға қауіп төндіретін жол ережесін бұзуды тағы да қайталанған.
Алкогольдік ішімдікке сылқия тойған көлік жүргізушісін рейт барысында полиция қызметкерлері жол бойында тоқтатып, құжаттарының жоқтығын, сонымен қоса мас екендігін анықтаған. Жүргізушіні «психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудың» қортындысына сәйкес (Алкогольдік масаң күйі орта дәрежеде) деп танылған. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы « Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Бас шарасы «Келу туралы міндеттеме».
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесінорындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.

    A+
Уақыты: 2020-08-28  Айдарша: Құқық
TAG: