Полиция дөңгелек ұрлап сатқан күдіктіні ұстады

Қысқаша

Түркістан облысының полицейлері мүліктің қауіпсіздігі мақсатында облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөлік салонында бағалы заттарды қалдырып кетпеуге және көлікті күзетілетін арнайы тұраққа қойып, дабыл жүйесін орнатуға кеңес береді.

арыспол.jpg

Арыс қаласының полицейлері көлік доңғалағын ұрлаған жас күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс қаласының тұрғыны аудандық полиция бөліміне ауласында тұрған көлігінің жаңа төрт бірдей доңғалағының ұрланғанын айтып, арыз жазады. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі 150 мың теңгені құрайды.
Арыстық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы "ұрлық" бойынша тіркеуге алып, тергеп-тексеру әрекеттерін бастап кетеді. Осылайша куәгерлерден сұрақ-жауаптар алынып, тексеру жұмыстары атқарылады. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатқан сәтте жәбірленуші өзге бір көліктен өзінің көлігінің ұрланған доңғалақтарын байқап қалып, полицейлерге хабар береді.
 Осылайша оқиға орын алған жерге жедел жеткен полицейлер тексеру жүргізіп, жүргізушінің ұрланған доңғалақтарды өзге бір адамнан арзан бағада сатып алғанын анықтайды. Сонымен қатар доңғалақтарды сатып алған адамның айтқан белгілеріне сәйкес күдіктіні тез арада қолға түсіреді.
Белгілі болғандай күдікті жас жігіт өзінің көлігіне қаражат керек болғандықтан, оңай жолмен табыс таппақшы болып, аулада тұрған бөтен көліктің доңғалақтарын шешіп алып, танысына сатып жіберген. Полицейлер тәркіленген доңғалақтарды заңды иесіне қайтарды. Ал күдіктіге қатысты тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. 
Ол бұрын соңды сотты болмаған. Қазіргі таңда қолхатта. Өз кезегінде жәбірленуші қырағылық танытып, істі жедел ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Түркістан облысының полицейлері мүліктің қауіпсіздігі мақсатында облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөлік салонында бағалы заттарды қалдырып кетпеуге және көлікті күзетілетін арнайы тұраққа қойып, дабыл жүйесін орнатуға кеңес береді.

    A+
Уақыты: 2020-04-27  Айдарша: Құқық
TAG: