Полицейлерді жарақаттаған есірткіқұмар болып шықты

Қысқаша

Тәртіп сақшылары ер адамға полиция бөліміне жүруді өтінген кезде тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған.

кенпол.jpg

Кентау қаласының полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларын жарақаттаған азаматтың есірткі қолданғаны анықталды. Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде "ватсап" мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған болатын. Сол бейнежазбадағы ер адамды 23 сәуір күні Кентау қалалық Полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде кетіп бара жатып күдік тудырғаны себепті тоқтатты.
Тәртіп сақшылары ер адамға полиция бөліміне жүруді өтінген кезде тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған. Күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Полиция қызметкерлері бұрын ұрлық және есірткі сақтағаны үшін сотталған бұзақыны – Кентау қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт Кентау қаласы ПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тіркелді.
Сондай-ақ медициналық сараптамаға сәйкес тәртіп бұзушы
ның есірткі қолданғаны анықталды. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

    A+
Уақыты: 2020-04-27  Айдарша: Құқық
TAG: