Тәртіп сақшылары таудың тасын да қорғайды

Қысқаша

Бәйдібек ауданында тау ьасын заңсыз тасып, табыс көзіне айналдырмақ болған жүк көлігін

таутас.jpg

Бәйдібек ауданында тау ьасын заңсыз тасып, табыс көзіне айналдырмақ болған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Бәйдібек аудандық Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтап, заңсыз қиыршық тас алып, тасымалдағаны үшін КАМАЗ жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Бұған дейін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірі Қошқар-ата-Шаян тас жолы бойында қиыршық тас тасымалдаған жүк автокөлігі бар бейнежазба орналастырғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері КАМАЗ жүргізушісінің жеке тұлғасын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 13 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ескертеді: әрбір заңға қайшы жасалған іс-әрекеттердің соңы қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.



    A+
Уақыты: 2020-04-13  Айдарша: Құқық
TAG: