Испектор марихуана жасырған тұрғынды анықтап, ұстауға көмектесті

Қысқаша

Сарыағашта полицейлері марихуанасы бар тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы П

марихуанавспичке.jpg

Сарыағашта полицейлері марихуанасы бар тұрғынды ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Сарыағаш қаласының учаскелік полиция инспекторынан есірткі заты бар күдікті тұлға туралы хабарлама келіп түсті. Учаскелік полиция капитаны С.Дархановтың айтуынша, өзіне белгіленген аймақта кезекті профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында, бір тұрғынның есірткі сақтап жүрген күдікті анықталды. 

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері аталмыш учаскелік полиция инспекторымен бірге аталған мекен-жайға тексеруге шығып, көрсетілген мекен-жайда көпқабатты пәтерлердің бірінің жертөлесінен Сарыағаш қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктінің қалтасын тінту кезінде жедел уәкілдер құрамында өсімдік тектес есірткі заты бар сіріңке қорабын тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, ұрланған есірткі заты жалпы салмағы грамға жуық «марихуана» болып шықты.

Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден және есірткіні қолданудан бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.



    A+
Уақыты: 2020-04-14  Айдарша: Құқық
TAG: