Полицейлер жоғалған ауыл тұрғынының жылқыларын тауып берді

Қысқаша

Бәйдібек ауданының полицейлері жоғалған жылқының бірін Сайрам аулданынан, екіншісін О

байдат.jpg

Бәйдібек ауданының полицейлері жоғалған жылқының бірін Сайрам аулданынан, екіншісін Ордабасы ауданынан тапты. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Наурыз айының соңында Бәйдібек АПБ-не Боралдай ауылының тұрғыны жылқыларвның жоғалғаны туралы арызданған. Ауыл тұрғынының айтуынша, бір апта бұрын жайылымнан екі жылқысы жоғалып кеткен. Өзі ары-бері іздеп, таба алмаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінді.

Тәртіп сақшылары бұл жайтты полиция бөлімінде тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Бәйдібек АПБ қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәгерлерден сұрастырып, мал тасымалдайтын автокөліктерді, базарларды тексерді.

Іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған жылқының біреуін Сайрам ауданынан, ал екіншісін Ордабасы ауданынан тапты. Табылған жылқыларды тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарды.

Өз кезегінде, мал иесі Бәйдібек А ПБ-нің полиция қызметкерлеріне жеделділігі мен кәсібилігі үшін шын жүректен алғысын білдірді. 

– 23 наурызда екі жылқым жоғалып кетті. Біреуі Сайрам ауданынан, екіншісі Ордабасынан табылды. Бәйдібек ауданының полицейлеріне бір апта ішінде жылқыларымды тауып бергені үшін рахмет. Олардың жұмысы үшін бес деген баға қоямын! – дейді ол.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға мал ұрлығын болдырмау үшін, малдарыңызды жайылымдарда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Өйткені қараусыз қалған мал, көбінесе басқа жайылымдарға кетіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ өз аулаларыңыз бен қора-жайларыңызды берік қоршаумен және темір құлыптармен нығайту қажет. Мүмкіндігінше үй малына ен-таңба салу керек. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, тез арада полицияның "102" телефонына хабарласыңыздар.



    A+
Уақыты: 2020-04-14  Айдарша: Құқық
TAG: