Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдерге құқықтарын түсіндіреді

Қысқаша

Елімізде жасөспірімдердің сағат 22.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруіне, компьютерлік

ордапол.jpg

Елімізде жасөспірімдердің сағат 22.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруіне, компьютерлік клубтар мен мейрамханаларда болуына қатаң тыйым салынған. Тәртібі қиын балаларды жергілікті жерлердегі ювеналды полиция тобының инспекторлары қатаң бақылайды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады. 

– Өсіп келе жатқан жас ұрпақты Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеу рухында тәрбиелеу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу ювеналды полиция қызметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Жиындарда құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіпті де тәрбиелі болу, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, түнгі уақытта беймезгіл жүрмеу секілді қағидалар туралы айтып, көптеген кеңестер береміз. Болашақта «полиция қызметкері боламын» деген жастарды анықтап, мамандықтың маңызын түсіндіреміз, – дейді Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Қанат Ауелев.

Ордабасы ауданында бүгінгі күні 64 мектеп, 6 колледж бар. Оларға алты ювеналды полиция қызметкері бөлінген. Тәртіп сақшылары білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдердің тәрбиесін қатаң бақылауға алған. Сонымен қатар, «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» секілді жедел-профилактикалық іс шаралар мен «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік», «Мен және менің полицейім» секілді акциялар ұйымдастырып, учаскелер бойынша тексерулер жүргізеді. Аталған профилактикалық жұмыстарға балалар-жасөспірімдер ұйымдары «Жас полиция көмекшілері», «Жас ұлан», «Жас қыран» белсенділері де тартылған.



    A+
Уақыты: 2020-04-15  Айдарша: Құқық
TAG: