Үкіні қамап ұстап, жауапқа тартылды

Қысқаша

Сайрам аудандық Полиция бөлімінің Табиғатты қорғау полиция тобы инспекторы, полиция а

уки.jpg

Сайрам аудандық Полиция бөлімінің Табиғатты қорғау полиция тобы инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Ботабек пен Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Қуандықов экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Манкент ауылында орналасқан кафелердің бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен үкі құсын анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған құс Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген «Филин үкісі» болып шықты. Ол Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. 

Тәртіп сақшылары күдікті тұрғынның"Қызыл кітапқа" енген құсты қандай мақсатта ұстағанын анықтауда. Сондай-ақ тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын жеткізген.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген сирек кездесетін жануарлармен заңсыз ұстағандарға 3 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.



    A+
Уақыты: 2020-04-16  Айдарша: Құқық
TAG: