Тұрғындарға карантиндік шектеулер түсіндірілуде

Қысқаша

Тұрғындарға карантиндік шектеулер түсіндірілуде

3.jpg

Бүгінде коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі күн санап артып келеді. Осы ретте, қоғамда ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында Түлкібас ауданына қарасты барлық ауылдық округ, кенттерде мамандар тарапынан әр үй араланып, тұрғындарға екпа алудың маңыздылығы мен карантиндік шектеулер түсіндірілуде.

Түлкібас ауданында коронавирус иинфекциясына қарсы ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында 13 екпе егу пунктерінде 25 медициналық бригада тұрғындарға екпе егу жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек үш жылжымалы бригада елді мекендерді аралап, белгілі бір себептермен үйінен шыға алмайтын тұрғындардың үйіне барып егпе егу шараларын жүзеге асыруда. 

Түркістан облысында соңғы бір тәулікте  COVID-19-індетінің 101 жағдайы расталған. Тәуліктік өсім 1.18 % құрайды. Өңірде пандемия басталғалы 8622 жағдайы тіркелді. Оның 5323-ы ауру симптомсыз өткен.  Бүгінде облыс «сары» аймақта тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 2020 орын бар. Оның 901-і бос тұр. Сондай-ақ, бүгінге дейін 875 448  ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда  3442 адам тексерілді. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар. Сонымен қатар, өңірде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Облыста өз еркімен 526 мыңнан астам  адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Қазір екінші компонентпен 339 151 адам вакцина салдырды. Ал, кейінгі тәулікте 5 515 бірінші компонентпен болса, екінші рет 8 433 адам екпе қабылдаған. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 128 екпе салдыру  пункттерінде жүргізілуде.


    A+
Уақыты: 2021-07-23  Айдарша: Өңір
TAG: