Екпе індеттен сақтанудың жалғыз жолы

Қысқаша

Екпе індеттен сақтанудың жалғыз жолы

221366522_2845083819139223_7458481894873978868_n.jpg

Бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған коронавирус індетінен сақтанудың бірден-бір жолы екпе салдыру. Рас, қазіргі уақытта тұрғындар арасында екпеге қатысты түрлі негізсіз әңгімеолер апйтылып, теріс түсініктер қалыптасуда. Алайда мамандар екпенің адам ағзасына ешқандай зияны жоқ екендігін айтуда. Адамзат баласы өз тарихында көптеген ауыр індеттерді тек осы екпе арпқылы ауыздықтаған болатын. Екпе бүгінде коронавирустан құтылып, қалыпты өмірге алып келетін жалғыз жол болып отыр. Сондыщұтан тұрғындар арасында екпеге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.   

   Осы мақсатта ағымдағы жылдың 21 шілде күні Түлкібас  ауданы басшысының тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданына қарасты, Кемербастау ауылдық округі мен  аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары және ерікті жастары округте орналасқан және халық көп шоғырланған орындарда «COVID-19» коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізді. 

Сондай-ақ, Түлкібас ауданына қарасты, Рысқұлов ауылдық округі мен  аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және ерікті жастары да тұрғындар арасында «COVID-19» коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізді.


    A+
Уақыты: 2021-07-22  Айдарша: Өңір
TAG: