Түркістанда Халықаралық конференция өтті

Қысқаша

Түркістанда Халықаралық конференция өтті

101.jpg

Биыл ақпанда Түркістан қаласы - Еуразияның Дүниежүзілік мұра қалалары қатарына ресми түрде қабылданып, мүше болған. Осы орайда ұйымның X мерейтойлық конференциясы алдын ала жасалған жоспар бойынша жуырда ғана Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласында онлайн форматта өтті. 

Жиын барысында алғашқы сөз кезегін алған Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан конференцияның маңызы зор екенін атап өтті. Қызығушылық танытып шетелдерден келген қонақтарға алғыс білдірді. 

"Биыл Түркістанның жасына қатысты сенсациялық жаңалық ашылды. 2020 жылы біз "Түркістан қалашығының стратиграфиясы" жобасын қолға алдық, оның аясында Ежелгі қаланың археологиялық кешендері қаралды. Қазба жұмыстары барысында Түркістан жерінде біздің дәуірімізге дейінгі XVI-XIV ғасырларға тән қоныстың пайда болуының дәлелдері табылды. Қаланың оңтүстік шетінде орналасқан Шербай қорымынан табылған қола дәуірінің кешені Түркістанның жасын үш мың жыл деп анықтады", - деген Рашид Абатұлы 

Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылған конференцияға тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауда озық тәжірибелі Иран, Ресей, Сербия, Түркия, Польша, Греция, Индонезия, Германия, Марокко, Албания, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай сынды әлемнің 23 елінен 50-ден астам қаланың өкілдері қатысты.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: