Тұрғындармен байланыс мықты

Қысқаша

2020 жылы аудан әкімі мен орынбасарларының жеке онлайн қабылдауында 95 азамат болған. Былтырғы пандемияға байланысты тұрғындардың талап-тілектері, өтініштері инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілері арқылы қабылданған.

Screenshot_20.png

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы  – тұрғындармен жұмыс істеп, әлеуметтік желіде байланыс орнатқан белсенді ауданның бірі. Аудан әкімінің жетекшілігімен аптасына 3 рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 17:00-де тұрғындармен тікелей эфир өткізіліп тұрған. Бұл сыбайлас жемқорлыққа ұарсы Антикор live» жобасы аясында қолға алынған жұмыс. «Осылайша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғындармен байланыс орнату жөніндегі тапсырмасы орындалуда» дейді аудан әкімдігінің өкілдері. Шымкент қаласындағы аудандар арасында тұрғындарды онлайн қабылдау ең алдымен осы Әл-Фараби ауданында басталған.

2020 жылы аудан әкімі мен орынбасарларының жеке онлайн қабылдауында 95 азамат болған. Былтырғы пандемияға байланысты тұрғындардың талап-тілектері, өтініштері инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілері арқылы қабылданған. Жалпы 982 сұрақ келіп түсіп, 614 шағым орындалып, 283-не қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 85 шағым құзырлы мекемеге жолданған.

Аудан әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараевтың айтуынша, мұндай онлайн эфирлердің бірқатар артықшылығы бар. Мысалы, халықпен тікелей сөйлесу арқылы мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптасады әрі пандемия кезіндегі карантин талаптары сақталады. Желі арқылы түскен сұрақтардың барлығы әкімдік бақылауында болып, орындалуы қадағаланады.

– Қажеттілік болса, сол мәселе туындаған жерге барып, тұрғындармен жүздесеміз. Кейде қалалық басқармалардың басшылары да қатысып, ортақ шешім қабылданады. Ал атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімдігінің аккаунтында посттар жарияланып, ақпарат таратылады. Бұл, бір жағынан қазіргі заман талабы болса, екінші жағынан халыққа сапалы қызмет көрсетудегі біздің міндетіміз, – дейді

Құдайберген Мақұлбекұлы.


    A+
Уақыты: 2021-04-05  Айдарша: Өңір
TAG: