Наубайхана ашылды

Қысқаша

Сондай-ақ, жаңа кәсіпорындағы нан пісіретін пештер Шымкент қаласының өз өндірісі. Қала әкімі күнделікті тұтынатын қарапайым заттардың толық өзімізде өндірілетінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Screenshot_18.png

Шағын және орта бизнесі қарқынды дамып келе жатқан үшінші мегаполис тағы бір кәсіпорынмен толықты.  Шымкент қаласының Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы 333 кварталда «Темиршиков» ЖК нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайхана іске қосылды. Жоба құны – 300 млн теңге. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Ас атасын пісіретін наубайхана жұмысымен қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі танысқан болатын.  Жалпы аумағы 7200 шаршы метр кәсіпкерлік нысан жаңа үлгідегі нан пісіруге арналған заманауи технологиялармен жабдықталған. Баса айта кетерлігі, қаладағы ең арзан нан осында өндіріледі. Өйткені, заманауи құрылғылар газбен жұмыс істейді. 

Кәсіпкерлік нысанның ашылуына қатысқан шаһар басшысы қазіргі нарықтық экономикада бағаны тұрақтандыратын осындай бастамалар екенін алға тартып, сала басшыларына мұндай жобаларды қолдау керектігі жөнінде тапсырма берді. Тіпті басқа өңірлерге де үлгі ретінде көрсету қажет. 

Сондай-ақ, жаңа кәсіпорындағы нан пісіретін пештер Шымкент қаласының өз өндірісі. Қала әкімі күнделікті тұтынатын қарапайым заттардың толық өзімізде өндірілетінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті. 

Наубайхана тәулігіне қуаттылығы 90 мың дана нан өнімдерінің түрлерін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (қалыпты бөлке нан) өнімдерін шығаруда.


    A+
Уақыты: 2021-04-05  Айдарша: Өңір
TAG: