Мамандардың қауіпсіздігі басты назарда

Қысқаша

Елімізде індет белең алған тұста ақ халатты абзла жандар істеріне адалдық танытып,

Screenshot_5.jpg      

Елімізде індет белең алған тұста  ақ халатты абзла жандар істеріне адалдық танытып, көзге көрінбейтін жаумен арпалысты. Өз өмірлеріне қауіп төнсе де өзгенің жанын аман алып қалған бүгінгі күннің батырларының ерлігі еш ұмытылмақ емес. 

  Ордабасы аудандық орталық ауруханасында індет кезінде инфекциялық госпиатль ашылып, онда156 науқас коронавирус диагнозымен тіркеліп, емін алып, толық жазылып шыққан болатын. 15 күн сайын ауысыммен  дәрігер, орта буын, кіші буын қызметкерлері науқастарды емдеуге бар күшін салып емдеді.  Қауіпті ортада қызмет еткен мамандардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайы Түркістан облыстық  қоғамдық денсаулық басқармасының әрдайым назарында. 

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауданда пандемия басталған уақыттан бері індетпен күрескен  146 медицина қызметкеріне  І санат бойынша 93766,8 мың теңге, 289 медицина қызметкерін ІІ санат бойынша 82267,5 мың теңге, 866 медицина қызметкеріне ІІІ санат бойынша 255312,8 мың теңге сыйақы берілген.    

    Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының болжанып отырған екінші толқынында мамандардың ауруды жұқтырып алмауы үшін  облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы аурухана қызметкерлеріне арналған қорғаныш киімдер мен құрал-жабдықтарды түгелімен қамтамасыз етіп отыр. 

    A+
Уақыты: 2020-10-12  Айдарша: Өңір
TAG: