Ордабасы: Футбол алаңшасы қолға алынды

Қысқаша

Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауыл округінде ауылдағы біртуар азаматтар жиылып осын

Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауыл округінде ауылдағы біртуар азаматтар жиылып осында орналасқан спорт футбол алаңшасын қолға алу бел буды. Салауатты өмір салтын ұстануда осындай нысандардың көптеп ашылуына жағдай жасау мақсатында алаңшаны ауыл азаматтары, ауыл жастары және кәсіпкерлерден қаржы ұйымдастырып жабық алаңшаға айналдыру. 

Алдымен алаңша орнына үлкен сенбілік жасалынып, кейіннен тұрғындар да олардың қатарына қосылып, бірлесе жұмыс жасады.

Кәсіпкерлер Елшібеков Мұрат, "Ақ Орда Б" ЖШС-нің басшысы, Шұбар ауыл округінің "Нұр отан" БПҰ-ның төрағасы Бекбосынов Бақытжан Балтабайұлы, ауыл азаматы "Жасым үлкен болғанымен, жүрегім әлі жас" (P.S) - дейтін Аубакиров Айтжан, Абишев Алижаппар, Базарқұлов Жасұлан, Сәбит Алдамуратов, Нұрбек Алибеков, Рысбаев Жомарт, Досжан Әбубәкіров секілді ағалар мен ауыл жастары игі бастамаға мұрындық болып, алдағы уақыт еншісіндегі жабық алаңшаның құрылысы өз деңгейінде жалғасуына басшылық жасайтын болады. 

Елге істеген еңбектері елдің игілігі мен болашақ ұрпақтың бақытты әрі салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады. 

    A+
Уақыты: 2020-09-20  Айдарша: Өңір
TAG: