Ордабасыда қарқынды бау көлемі артты

Қысқаша

Ордабасыда қарқынды бау дамып келеді. Ауданда көп жылдық екпелердің алаңы – 1 490 гектард

Ордабасыда қарқынды бау дамып келеді. Ауданда көп жылдық екпелердің алаңы – 1 490 гектарды құраса, оның ішінде қарқынды алқаптың жер көлемі – 319 гектарға жетті.

Ауданға қарасты Бөржар ауыл округінде – 79 гектарға («Александровский сад» ЖШС – 20 га, «Green town south» ЖШС – 10 га, «Bal Kausar» ЖШС – 10 га, «Нұрқасым» ШҚ – 20 га) және Қажымұхан ауыл округінде – 240 гектарға («Қазақстан Логистик Групп» ЖШС – 180 га, «Каз Гарден» ЖШС – 60 га) көп жылдық қарқынды екпелер отырғызу жобалары іске асырылған.

Келешекте, қарқынды екпелерді отырғызуды – 250 гектарға (Бөржар а/о «Bal Kausar» ЖШС – 40 га, «Нұрқасым» ШҚ – 30 га; Қажымұхан а/о «Каз Гарден» ЖШС – 180 га) кеңейту жоспарланса, «Александровский сад» ЖШС жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сиымдылығы – 1 670 тонна ұзақ мерзімде сақтау қоймасын және «Каз Гарден» ЖШС қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосуды жоспарлауда.

    A+
Уақыты: 2020-09-20  Айдарша: Өңір
TAG: