Ордабасы: «Жақыныңа жанашыр бол!» акциясы өтті

Қысқаша

Ордабасы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Тайтелиева Гүлия

Ордабасы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Тайтелиева Гүлия Әбдіқайымқызының ұйымдастыруымен  қарттар күні қарсаңында, отбасы күніне арналған «Жақыныңа жанашыр бол!»  қайырымдылық іс шарасын, азаматтардың   карантиндік шектеулерін    сақтай отырып,  ағымдағы жылы 17-қыркүйек күні ,  аудан орталығындағы Жастар сарайында өткізді.

Іс шараға  «Аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, «Бибісара» тігін шеберхенесының   басшысы Ментаева Балқия,  Шұбарсу ауыл округі іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкер  Туражанова Айман Оразқызы,  «Аудандық жастар орталығының» қызметкерлері мен белсенді жас кәсіпкерлер  Төрткүл ауыл округінен Құдияров Мұхтар Алтынбекұлы, Қажымұқан ауыл округінен Келдібеков Бекжан Нұрлыбекұлы және  Абитаев Бегімхан Батырханұлы, Есикеш Б. Қ, Бадам ауыл округінен Усенбаева Жазира Досболқызы  шақырылып, қатысты.

Шақырылған азаматтардың мереке қарсаңында   сыйлық ретінде арнайы дайындап, алып келген азық-түліктері   әлеуметтік қолдауды, ерекше қамқорлықты қажет ететін  балалары бар 22  аналарға табысталды.

Аналарға арналған игі  шарада  қоғамдық ұйымның төрайымы -  Тайтелиева Гүлия ханым қоғамдық ұйымның осы шараны  ұйымдастырудағы  мақсатына тоқталды,  шараның өтуіне атсалысқан  азаматтарға  рахметін   айтты, шараға  балаларымен қатысып, ризалықтарын  білдірген  аналарға ақ тілегін жаудырды.

Қоғамдық ұйымның іс шарасына  білім саласы қызметкерлерінің  аудандық  кәсіподақ комитетінің төрағасы, он жылдан аса аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, жерлесіміз Төлебаев Қайрат Асылбекұлы қатысып,  қоғамдық ұйымның   басшысына,  шақырылған азаматтарға, жалпы барлық аналарға  өзінің ризашылығын білдірді, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне береке  тіледі.

    A+
Уақыты: 2020-09-19  Айдарша: Өңір
TAG: