Ордабасы: Агробизнес қарқынды дамуда

Қысқаша

Бүгінде Ордабасыда ауыл шаруашылығы, агробизнес қарқынды дамыған. Нақтырақ айтсақ, дих

Агробизнес в Украине: как все работает и сколько денег приносит | Checkpoint

Бүгінде Ордабасыда ауыл шаруашылығы, агробизнес қарқынды дамыған. Нақтырақ айтсақ, дихандарымыз ақылды суару жүйесін, егіс алқаптарының жағдайын қашықтықтан бақылауды, танаптағы техниканы онлайн режимде көруді, мобильдік қосымшалар арқылы астық жүктеу жұмыстарын қадағалауды жақсы біледі. Мұндай инновациялар шаруаның ісін жеңілдетіп, табысты ұлғайтады.

Ауданға қарасты Бөржар ауылдық округінде «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Аталған Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің аса қажетті түрлері бойынша халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты айқындауға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, Бөржарда бүгінгі күнге дейін суармалы жерді игеру, жаңадан қосылатын суармалы жер, тамшылатып суару технологиясын ендіру – 101,  жылыжай құрылысын ұлғайту 75 пайызға орындалды.

    A+
Уақыты: 2020-09-17  Айдарша: Өңір
TAG: