Ордабасы: 6024 гектарға жүгері дақылы егілді

Қысқаша

Ордабасы ауданында биыл егін қоры өнімді болды. Биылғы жылы ауданның егін егуге арналғ

Ордабасы ауданында биыл егін қоры өнімді болды. Биылғы жылы ауданның егін егуге арналған  6024 гектаржеріне жүгері дақылы егілді. 

Сонымен қатар, жүгері дақылына жеңілдікпен тыңайтқыш пен жанар-жағар май да жеткілікті деңгейде берілген. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шаруалар мол пайдаға кенелуді көздеуде.

Жеңістік "Ынтымақ" шаруа қожалығының төрағасы Байдүйсенов Бексұлтан гектарына 110 центнерден өнім алуға ниетті екенін жеткізді.

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілдә Әлібеков Жеңіс ауыл округінің шаруаларына биыл 174 тонна жанар-жағар май, 271 тонна тыңайтқыш жеңілдікпен үлестірілгенін мәлімдеді.

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: