Ордабасы: 11 кәсіпорын өнімі - экспортқа

Қысқаша

Ордабасыда шағын және орта кәсіп саласы дамып, экспорттық өнім әлеуетті артты. Осыған д

image.png

Ордабасыда шағын және орта кәсіп саласы дамып, экспорттық өнім әлеуетті артты. Осыған дейін ауданнан экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, ендігі жерде заманауи технология қолданып өндірілетін өнім түрлері де көбейіп отыр.

Ордабасыда экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың саны – 11 бірлік  құрап, олармен жыл көлемінде жалпы құны 5 млрд. 404 млн. теңгеге экспортқа өнім шығарылды.

«Ордабасы құс» ЖШС 666,1 млн.тг. күрке тауық етін Ресей Федерациясына;

«Аделя» ш/қ 2 374 млн.тг. көкөніс (қияр, қызанақ) өнімін Ресей Федерациясына;

«Ордабасы нан» ЖШС 428 млн.тг. жоғарғы сұрыпты бидай ұнын  Өзбекстанға;

«Green Technology Industries»  ЖШС  644 млн.тг. флекс  өнімін Ресей, Өзбекстанға;

«Сейітбек әулеті» ЖШС 410 млн.тг. қызыл мия дәрілік қоспа өнімін Қытайға;

ИП Дастан 62 млн.тг. жоңышқа тұқымын  Ресей Федерациясына;

«Рамазан Агро» ЖШС 348 млн.тг. мақта талшығын Чехияға;

«НұрАгро 73» ЖШС 184 млн.тг. мақта талшығын Чехияға, Белоруссияға;

«Сәтті жол» ЖШС 241 млн. тг. қой етін Ресей Федерациясына экспортқа шығарды.

«Алуа»ш/қ 21,0 млн.теңгеге 580 қой басын Өзбекстанға шығарды.

«Нұр Көктөбе» ЖШС 26 млн.теңгеге 93 бас жылқы басын  Өзбекстанға шығарды.

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: