Ордабасыда мал азығын дайындау цехы​ жұмыс жасайды

Қысқаша

«Қыстың қамын жаз ойла» дейді дана халқымыз. Сол айтқандай, мал баққан шаруа ала жаздай

Тоқаев: Ауылда жем-шөп қымбат

«Қыстың қамын жаз ойла» дейді дана халқымыз. Сол айтқандай, мал баққан шаруа ала жаздай қыстық жем-шөп әзiрлеудің әрекетінде жүреді.  Ауданда мал шаруашылығы дамыған салалардың бірі болғандықтан, ал ауыл шаруашылығы күнкөрістің бір түрі болып отыр. Осы бағытта малдардың жем-шөбін дайындайтын «Ордабасы жем» ЖШС-нің мал азығын дайындау цехы жұмыс жасайды.

2015 жылы іске қосылған өндіріс орнының жобалық құны 209 млн. 512 мың теңгені құрайды. «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 116 млн 846 мың. тенгеге ауылшаруашылық техникалары сатылып алынған. 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған серіктестікте жылына 3 мың тонна жем дайындалады. Биыл аталған қожалық 170 гектардан бидай, 119 гектардан жүгері, 225 гектардан мақсары жинапты.

Өндіріс орнында егiстiкте беде, жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа және тағы да басқа екпе шөптердiң үлесi мол. Аталған өсiмдiктерден мол шөп қорын дайындауға болады. Әрi олардың құрамында төрт түлiктiң ағзасына қажеттi барлық микроэлементтер бар.

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: