Ордабасыда ауыл шаруашылығы өнімі артты

Қысқаша

Соңғы жылдары Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар қатарың қа

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер:  субсидиялар және жеңілдікті несие түрлері қандай - Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Соңғы жылдары Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар қатарың қалыңдады. Мұнда осы салаға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 

Ауданда осы салада атқарылып жүрген тыңғылықты тірліктер де аз емес. Мәселен, биыл ауданның ауылшаруашылығы саласында 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Бұло көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда (35 млрд 316 млн. теңге) 110 пайызды құрап, 6 млрд .615 млн. теңгеге артты.

Жалпы өңірлік өнімнің 55,5 пайызын құрап, басқа аудан, қалалардың ішінде 2 орынды алып отыр.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 208 387  га, оның 85 715 га егістік жерлер (суармалы 33 131 га, тілім 52 584 га),103 271 га жайылымдық, 1 551 га көп жылдық қондырғылар, 4 758 га тыңайған жерлер, 936 га орман қорына кірмейтін ағаш бұталар екпелері, 3 593 га су қорына кірмейтін су астындағы жерлер, 1 702 га көше, жол асты жерлері, 519 га құрылыс асты жерлері,  6 342 га басқа да жерлер.

    A+
Уақыты: 2020-09-15  Айдарша: Өңір
TAG: