Сайрам: Ауданға жүктелген міндет абыроймен атқарылды

Қысқаша

Түркістан аудан орталығы болып, соңғы жылдары оны көріктендіруге бүкіл облыс болып ат

Түркістан аудан орталығы болып, соңғы жылдары оны көріктендіруге бүкіл облыс болып ат салысып жүр. Олардың қатарында Сайрам ауданы да бар. Ауданға бекітілген қаладағы 2 секторда бүгінде көз қуантарлық өзгерістер байқалып жүр.

Атап айтқанда, Ж.Майкотов көшесіндегі N22 мектептің алдына спорт алашасы салынып, стрит-воркаут, 5 дана орындық, қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды. Аталған аумақта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, үлгі ретінде бекітілген Ортақ (Талас) 4 көшесінің бойындағы 760 метр жол жиегі қоршалып, 10 орындық, қоқыс тастайтын жәшіктер қойылды.

Осы жұмыс барысында орталықтандырылған 3800 метр су жүйесі іске косылып, жергілікті тұрғындар игілігіне берілді. Көше бойына 234 дана шырша ағашы егілді және бүгінде көгалдандыру үшін себілген газон дәнін су сеуіп, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.


    A+
Уақыты: 2020-09-12  Айдарша: Өңір
TAG: