Сарыағаш: Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қысқаша

Сарыағаш ауданына қарасты елді-мекендерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Тиісті ж

image.png

Сарыағаш ауданына қарасты елді-мекендерде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Тиісті жұмыстардың жоспарға сай уақытта аяқталуы аудан әкімдігінің жіті қадағалауына алынған. Ауданға қарасты Дербісек ауылындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдағы мәдениет ошағы 1985 жылы іргетасы қаланған.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «АНАР-АСЕМ» ЖШС-гі тарапынан ғимараттың едендерін сырлау, ішкі және сыртқы қабырғаларды сылау және ғимаратта орналасқан спорт залға қосымша ішкі әжетхана және душ бөлмесін қосу жұмыстарын атқаруда.
Мәдениет – халықтың шығармашылық рухани ізденісі, халықтың даналық, адамгершілік нышандары. Адам және мәдениет бір ұғым.  Осындай рухани құндылықтарды дәріптейтін мәдени ошақтардың жаңарып, жаңғыртылуына үнемі көңіл бөлініп келеді. Аудандық мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстары ауданның мәдениет саласының дамуына өз септігін тигізері сөзсіз.
Мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жұмысы барысымен арнайы барып танысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев мердігер компания өкіліне жұмысын қарқынды әрі сапалы жүргізілуі үнемі бақылауда болуын ескертті

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: