Қазығұрт: Ауыз су мәселесі оңтайлы шешілуде

Қысқаша

Қазығұрт ауданы аумағында ауыз су мәселесінің өзекті болып келеді. Бірақ соңғы жылдар

Қазақстанда ауыз су бағасы қымбаттады | Almaty.tv

Қазығұрт ауданы аумағында ауыз су мәселесінің  өзекті болып келеді. Бірақ соңғы жылдары бұл мәселе оңтайлы шешіліп, ауыз суды орталықтандырылған құбырдан ішетін елді мекендердің саны көбейіп келеді.

 Жалпы аудан көлемінде 64 елді мекен бар болса, соның 49-ы қазіргі таңда орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Яғни жалпы халықтың 76,5 пайызы таза ауыз су ішеді десек те болады. 2018-2019 жылдары республикалық, облыстық бюджеттен жалпы 1  млрд. 267 миллион теңге бес елдімекенге бөлінді. Атап айтқанда: Ескі Шанақ, Жұмысшы, Талдыбұлақ. М. Өтемісұлы елдімекендерінде толығымен құрылыс жұмыстары аяқталып, сапалы ауыз сумен тұтынып отыр. 

– Енді 2019- 2020 жылдарға 12 елді мекенде ауыз су құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Жаңаталап, Дихан, Тесіктөбе, Қарабастау, Заңғар, Майлышар, Қызылзеңгір, Тобыртас, Ақбастау және тағы да басқа аудандар толығымен аяқталғанда тұрғындар ауыз су тұтына алады. Соның нәтижесінде Қазығұрт ауданындағы 64 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылып, жалпы 93,7 пайызды құрамақ, - дейді Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов.

Ағымдағы жылы таудағы қардың көлемі әдеттегіден 65 пайыз төмен екендігі байқалуда. Осыған байланысты Келес өзенінде су тапшылығы орын алуда. Сонымен қатар ішкі каналдарға су жеткізу мүмкіндігі төмендеп отыр. Биылға жылы аудандық су шаруашылығы кәсіпорнының балансына арық атыздарды тазалайтын арнайы техника алуға аудан қоржынынан қаржы бөлініп, тендер жарияланды. Нәтижесінде аудан көлеміндегі арық атыздар дер кезінде тазаланатын болады.

Қазығұрт елді мекеніне кіре беріс тұсында Үлкен кескен каналы бар. Бұл каналдың жалпы ұзындығы 14,5 шақырымды құрайды. Соның 12 шақырымы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы есебінен бетондалып, күрделі жөндеуден өткізуге смета жасау үшін тендерге құжаттар дайындалды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталған соң жұмыстар жүргізілетін болады.

Табиғи газ мәселесіне келер болсақ, 64 елдімекеннің 47-сі табиғи газ жүйесімен қамтылған. Аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов жол, ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы, коммуналдық қызметтер құрылыс салалары бойынша берген онлайн мәлімдемесінде дәл осы мәселе қозғалды. Қалған 7 елдімекеннің құжаттары «КазТансГазАймақ», «Интергаз» мекемелеріне берілді. Соның нәтижесінде көгілдір отын турасындағы ақаулар мен ескертулер қабылданып, бірінші кезекте Тұрбат және Қызыбұлақ, Жеңіс елдімекендеріне газды беріледі деп отыр. Ал Тұғыртас мен Қызылсеңгір елдімекендерінде  АГТС станциясы салынуына байланысты сол іске қосылған жағдайда ағымдағы жылы табиғи газды тұтынуға мүмкіндік бар.

– Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бүгінгі таңға қаралған республикалық бюджеттен 300 миллион теңгенің барлығы толығымен игеріліп отыр. Тағы да қосымша жұмыстарға қаржы сұрап отырмыз. Жұмысты ертерек бітіріп, аталған үш елдімекенге табиғи газ беру жоспарда тұр, - дейді аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов.

Әрине, табиғи газ мәселесі XXI ғасырждағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, дамыған елде көмір түсіріп, от жағу да құлаққа қызық естіледі. Бүгінде Қазығұрт ауданындағы жауапты мамандар бұл мәселеге бей-жай қарамай, тиісті мекемелерге жүгініп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдету жолында жұмыс істеп жатыр.

    A+
Уақыты: 2020-08-28  Айдарша: Өңір
TAG: