Шардара: Аудан көркі - халық абыройы

Қысқаша

"Тазалық табалдырықтан басталады" дегендей, адам ең әуелі өз үйін, тұрып жатқан мекенін

image.png

"Тазалық табалдырықтан басталады" дегендей, адам ең әуелі өз үйін, тұрып жатқан мекенін көрікті етіп ұстауға тиісті. Шардарада бұл мәселе үнемі алғы шепте тұратын аса маңызды мәселелердің бірі.Күннің жылы уақтарында ауданда абаттандыру, тазалық, көріктендіру жұмыстары уақытылы атқарылып жүреді.

Биыл ауданды көріктендіру мақсатында  көктемгі маусымда 47,0 мың түп ағаш көшеттері толығымен отырғызылып, тұрақты күтімге алынды.

Есепті 2020 жылы Шардара қаласындағы 46,98 гектар саябақтар мен скверлер, жасыл аймақтар тұрақты күтімде болады. Күтіп ұстау жұмыстары Шардара ауданы әкімдігіне қарасты «Шардара Жасыл аймақ» МКК-мен жүргізілуде.

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы аясында жалпы құны 201,0 млн.теңгеге  2 нысан құрылысын жүргізу қолға алынған. Шардара қаласы Төлеби көшесі бойынан 1,5 гектар аумаққа көпшіліктің демалуына арналған желілі саябақ құрылысын, сондай ақ Жібек жолы көшесінің бойында аяқ жол салу, Үш арыс скверін құру, жұмыстарын жүргізу жоспарланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық бюджет есебінен Шардара қаласында № 16 колледжге баратын жолдың бойында, Анарқұлов, Молдағұлова, Торайғыров, Аймұратов көшелерінің бойында аяқ жолдар салу,  Сәтбаев, Қолдасов, Иманов, Молдағұлова, Аймұратов, Анарқұлов, Рысқұлов көшелерін жарықтандыру, сонымен қатар Шардара қаласы Аширов, Ал-Фараби көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын аббаттандыру жоспарланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    A+
Уақыты: 2020-08-25  Айдарша: Өңір
TAG: